---
title: "Қызылордада «Жасөспірім» шарасының аясында ішкі істер органдарына 261 жасөспірім жеткізілді"
description: "Ағымдағы жылдың сәуір айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу,..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-04-07T00:53:07+00:00"
modified: "2015-04-07T00:53:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhas-spirim-sharasyny-ayasynda-ishki-ister-organdaryna-261-zhas-spirim-zhetkizildi-489063"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhas-spirim-sharasyny-ayasynda-ishki-ister-organdaryna-261-zhas-spirim-zhetkizildi-489063/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Жасөспірім» шарасының аясында ішкі істер органдарына 261 жасөспірім жеткізілді

> Ағымдағы жылдың сәуір айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу,...

Ағымдағы жылдың сәуір айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында барлығы **290** әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының талаптарына сәйкес, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін **26** ата-анаға, ҚР ӘҚБтК-нің 442-1-бабының талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық кешендеріне заңды өкілінсіз кіруіне жол берген **11** тұлғаға, ҚР ӘҚБтК-нің 442-2-бабының талаптарына сәйкес сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болған **209** кәмелет жасына жетпеген жасөспірімге, қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылықпен айналысқан **21** жасөспірімге қатысты әкімшілік шара көрілді. Ал ішкі істер органдарына барлығы **261** жасөспірім жеткізілді.

Мәселен, ағымдағы жылдың 04 сәуірінде кәмелет жасына толмаған Шиелі ауданының 14 жасар тұрғынының ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз қала орталығындағы кафелердің бірінде жүрген жерінен ұсталды. Осыған байланысты, ҚР ӘҚБтК-ның 132-1-бабына сәйкес кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің кіруіне жол берген кафе әкімшілігіне және ҚР ӘҚБтК-ның 442-1-бабына сәйкес жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар, сәуір айының бірінде сағат 23.30 шамасында кәмелет жасына толмаған жасөспірім ата-анасы немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс жерде жүрген жерінен ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 442-1-бабына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі мезгілде тұрғын жайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін ата-анасына хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал, 06 сәуірде сағат 14.00 шамасында ҚІІБ-нің кезекші бөліміне Қызылорда қаласының тұрғынынан Абай даңғылы мен Бөкейхан көшелерінің қиылысында кішкентай жасөспірімнің ата-анасынан адасып жүргені туралы хабарлама келіп түскен болатын. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, жасы шамамен 4-ке толған жасөспірімді анықтады. Ата-анасын іздестіру жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, жасөспірім Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

 

**Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhas-spirim-sharasyny-ayasynda-ishki-ister-organdaryna-261-zhas-spirim-zhetkizildi-489063](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhas-spirim-sharasyny-ayasynda-ishki-ister-organdaryna-261-zhas-spirim-zhetkizildi-489063)