---
title: "Қызылордада «Жасөспірім» шарасының 2 күнінде 172 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды"
description: "Ағымдағы жылдың сәуір айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-04-05T22:48:03+00:00"
modified: "2015-04-05T22:48:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhas-spirim-sharasyny-2-k-ninde-172-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-488493"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhas-spirim-sharasyny-2-k-ninde-172-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-488493/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Жасөспірім» шарасының 2 күнінде 172 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

> Ағымдағы жылдың сәуір айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/520vZ74RWFE9RITEBZkofKdorlHeu6.jpg)

Ағымдағы жылдың сәуір айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.

Аталған кешенді шараға ІІО-нің жеке құрамы жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындарды жағалайтын кәмелетке толмағандарды, мектептер мен лицей оқушыларына теріс криминогендік ықпалы бар және бопсалаумен айналысатын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін, оларды пайдалануға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Іс-шараның **2 күнінде** ішкі істер органдарына барлығы **178** жасөспірім жеткізілді. Олардың **6-ы** қаңғыбастыққа салынғаны үшін жеткізілсе, 172-і түрлі деңгейдегі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша **14** ата-анаға және ҚР ӘҚБтК-нің 442-1-бабы бойынша **9** заңды өкілдеріне әкімшілік шара көрілді.

 

**Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhas-spirim-sharasyny-2-k-ninde-172-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-488493](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-zhas-spirim-sharasyny-2-k-ninde-172-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-488493)