---
title: "Қызылордада «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті"
description: "Қызылорда облысы ішкі істер департаменті және басқа да құзырлы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен ..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-10-04T22:01:02+00:00"
modified: "2017-10-04T22:01:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-syz-kelushi-2017-respublikaly-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tti-780652"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-syz-kelushi-2017-respublikaly-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tti-780652/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

> Қызылорда облысы ішкі істер департаменті және басқа да құзырлы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен ...

Қызылорда облысы ішкі істер департаменті және басқа да құзырлы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен 2017 жылғы 2-4 қазан аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2017» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында облыс көлемінде шетел азаматтарымен жасалған **715** әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Көші-қон заңнамаларын бұзған **14** шетел азаматы республика аумағынан аластатылды.

Өзбекстан Республикасының **7** азаматына қатысты ҚК-тің 393-бабы (сот шешімдерін орындамау), сонымен қатар Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін **1** Өзбекстан Республикасының азаматына ҚК-тің 392-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Сонымен бірге шетел азаматтарының тіркелуін қамтамасыз етпеген үшін **46** жергілікті азаматына Қазақстан Респубкасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдаланғаны үшін **23** азамат ҚР ӘҚБтК-тің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

**36** шетелдіктің Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімдері қысқартылса, жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ **22** азамат қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

**Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-syz-kelushi-2017-respublikaly-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tti-780652](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-syz-kelushi-2017-respublikaly-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tti-780652)