---
title: "Қызылордада «Заңсыз келуші – 2015» жедел профилактикалық шарасының 1 күнінде 279 заң бұзушылық дерегі анықталды"
description: "Ағымдағы жылдың мамыр айының 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші-2015»..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-05-20T23:31:01+00:00"
modified: "2015-05-20T23:31:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-syz-kelushi-2015-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-1-k-ninde-279-za-b-zushyly-deregi-any-503127"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-syz-kelushi-2015-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-1-k-ninde-279-za-b-zushyly-deregi-any-503127/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Заңсыз келуші – 2015» жедел профилактикалық шарасының 1 күнінде 279 заң бұзушылық дерегі анықталды

> Ағымдағы жылдың мамыр айының 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші-2015»...

Ағымдағы жылдың мамыр айының 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші-2015» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің аумағында үшінші елдер азаматтарының заңсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау болып табылады.

Аталған іс-шара бойынша Қызылорда ОІІД-нің күші мен құралдары жұмылдырылып, іс-шараның 1 күнінде 279 заң бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған **274** азаматқа, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін – **4**, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 1,3-бөлігі бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында көрсетілген мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпегені үшін немесе көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін 3 тәулік ішінде республика аумағынан кетпегені үшін – **38**, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігі бойынша азаматтардың ішкі істер органдарында тіркеуден өтпегені не тіркеуде көрсетілген мекенжайда тұрмағаны үшін - **110** азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша шетел азаматтарының қызметі визада немесе көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмағаны немесе тиісті рұқсат алмай еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін - **119** азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін **20** Қазақстан Республикасының азаматтары жауапкершілікке тартылып, тұрғылықты мекенжайы және құжаты жоқ **8** шетел азаматы қабылдау-тарату орындарына жатқызылды. Сот шешімімен **6** шетелдік азамат ел аумағынан шығарылып, **71** шетелдіктің елде уақытша болуының мерзімі қысқартылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін 3 қылмыстық іс қозғалды.

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-syz-kelushi-2015-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-1-k-ninde-279-za-b-zushyly-deregi-any-503127](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-syz-kelushi-2015-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-1-k-ninde-279-za-b-zushyly-deregi-any-503127)