---
title: "Қызылордада заңнама талаптарын орындамаған 306 шетелдік анықталды"
description: "Қызылорда облысы аумағында 07-09 желтоқсан аралығында Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-12-10T23:53:27+00:00"
modified: "2015-12-10T23:53:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-nama-talaptaryn-oryndama-an-306-sheteldik-any-taldy-666963"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-nama-talaptaryn-oryndama-an-306-sheteldik-any-taldy-666963/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада заңнама талаптарын орындамаған 306 шетелдік анықталды

> Қызылорда облысы аумағында 07-09 желтоқсан аралығында Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің...

Қызылорда облысы аумағында 07-09 желтоқсан аралығында Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен **«Мигрант»** жедел-профилактикалық шарасы өткізілген болатын. Аталмыш профилактикалық шарасының 3 күнінде 306 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, шетел азаматы бола тұрып, өзіне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберу жайлы шешімді орындамаған 5 Өзбекстан Республикасы азаматының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 20 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті шаралар көрілді.

Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп- келушілерді заңнама талаптарын бұза отырып тартып, олардың еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 7 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-nama-talaptaryn-oryndama-an-306-sheteldik-any-taldy-666963](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-za-nama-talaptaryn-oryndama-an-306-sheteldik-any-taldy-666963)