---
title: "Қызылордада қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды"
description: "Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2016 жылдың 7 айында кинологиялық қызметті дамыту мен ны..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-08-18T05:55:30+00:00"
modified: "2016-08-18T05:55:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-yzmettik-izdestiru-itterini-k-megimen-105-ylmysty-beti-ashyldy-707653"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-yzmettik-izdestiru-itterini-k-megimen-105-ylmysty-beti-ashyldy-707653/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды

> Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2016 жылдың 7 айында кинологиялық қызметті дамыту мен ны...

Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2016 жылдың 7 айында кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды.

2016 жылдың 7 айында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, 105 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлік ұрлық қылмысы бойынша – 53 дерек, тонау қылмысы бойынша – 7, қарақшылық, адам өлтіру қылмыстары бойынша бір деректен анықталған.

Есірткі қылмысы саласы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 32 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 101 кг. 022 гр. есірткі заттары алынды.

Мәселен, «Көкнар-2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал бекеті тұсында «Крона» атты қызметтік итінің көмегімен есірткі затын жеке автокөліктерінде тасымалдап кетіп бара жатқан Батыс Қазақстан облысының 2 тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-yzmettik-izdestiru-itterini-k-megimen-105-ylmysty-beti-ashyldy-707653](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-yzmettik-izdestiru-itterini-k-megimen-105-ylmysty-beti-ashyldy-707653)