---
title: "Қызылордада «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық шарасының 1 күнінде 763 азаматқа әкімшілік шара көрілді"
description: "2016 жылдың 24-26 тамыз аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қ..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-08-25T04:18:56+00:00"
modified: "2016-08-25T04:18:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-y-t-rtibi-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-1-k-ninde-763-azamat-a-kimshilik-shara-k-rildi-708801"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-y-t-rtibi-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-1-k-ninde-763-azamat-a-kimshilik-shara-k-rildi-708801/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық шарасының 1 күнінде 763 азаматқа әкімшілік шара көрілді

> 2016 жылдың 24-26 тамыз аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қ...

2016 жылдың 24-26 тамыз аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде **«Құқық тәртібі»** жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның **1 күнінде** әр түрлі құқық бұзушылықтар жасаған **763** азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) **61** азамат, қоғамдық орындар мен көшеде масаң күйде жүргені үшін *(ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы)* **56** адам, қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін *(ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы)* **104** азамат жауапкершілікке тартылды,

Сондай-ақ, белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін *(592-бабы)* **– 65,** көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін *(591-бабы) –* **118***,* жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін *(596-бабы)* – **1,** қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін *(593-бабы, 1-бөлігі)* **– 183** азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып**,** көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін *(608-бабы)* **12** азамат наркологиялық сараптамадан өткізіліп, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Есепті мерзімде **17** қылмыстың беті ізі суымай ашылды. Іс-шара барысында **28** құқық бұзушы облыстық наркология орталығының интоксикация орталығына жатқызылса, **6** кәмелетке толмаған уақытша бейімдеу мекемесіне жеткізілді.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-y-t-rtibi-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-1-k-ninde-763-azamat-a-kimshilik-shara-k-rildi-708801](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-y-t-rtibi-zhedel-profilaktikaly-sharasyny-1-k-ninde-763-azamat-a-kimshilik-shara-k-rildi-708801)