---
title: "Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының 2 күнінде 1400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды"
description: "Ағымдағы жылдың тамыз айының 24-28 күндері аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі м..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-08-28T03:10:35+00:00"
modified: "2015-08-28T03:10:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-y-t-rtibi-sharasyny-2-k-ninde-1400-ge-zhuy-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-533991"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-y-t-rtibi-sharasyny-2-k-ninde-1400-ge-zhuy-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-533991/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының 2 күнінде 1400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

> Ағымдағы жылдың тамыз айының 24-28 күндері аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі м...

Ағымдағы жылдың тамыз айының 24-28 күндері аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкені белгілі.

Аталған іс-шараға ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның **2 күнінде** барлығы **1355 әкімшілік құқық бұзушылық** анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған **22 жүргізуші** анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған **310 жүргізушіге**, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған **210 жүргізушіге,** жылдамдықты шамадан тыс асырған **– 98 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.**

Сонымен қатар, есепті мерзімде қалалар мен елдімекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзудың **113** дерегі, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу немесе мас күйінде келудің **92** дерегі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс жерде жүрудің **82** дерегі, басқа да ұсақ бұзақылықтардың **87** дерегі анықталған.

2 тәулік ішінде **24 қылмыстың** беті «ізі суымай» ашылды. Іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталып, 13 бұрын жасалған қылмыстар ашылды.

 

**Қызылорда ОІІД** **б****аспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-y-t-rtibi-sharasyny-2-k-ninde-1400-ge-zhuy-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-533991](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-y-t-rtibi-sharasyny-2-k-ninde-1400-ge-zhuy-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-533991)