---
title: "Қызылордада тұрғындардан заңсыз сақталған қарулар сатып алынбақ."
description: "Қызылордада тұрғындардан заңсыз сақталған қарулар сатып алынбақ. «ҚазАқпарат», 15.04.2014ж. «Азаматт..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-04-14T21:53:04+00:00"
modified: "2014-04-14T21:53:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-t-r-yndardan-za-syz-sa-tal-an-arular-satyp-alynba-409679"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-t-r-yndardan-za-syz-sa-tal-an-arular-satyp-alynba-409679/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада тұрғындардан заңсыз сақталған қарулар сатып алынбақ.

> Қызылордада тұрғындардан заңсыз сақталған қарулар сатып алынбақ. «ҚазАқпарат», 15.04.2014ж. «Азаматт...

Қызылордада тұрғындардан заңсыз сақталған қарулар сатып алынбақ. «ҚазАқпарат», 15.04.2014ж. «Азаматтардың заңсыз сақталудағы атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтеусіз тапсыру ережесіне» сәйкес 21 cәуірден бастап республика аумағында тұрғындардың қолындағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Акцияның негізгі мақсаты - азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау.

Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйін анықтау мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.

Айта кетейік, 2013 жылы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1299 Қаулысы шеңберінде өткізілген қару-жарақты сатып алу акциясы барысында азаматтардан заңсыз сақталған барлығы 641 қару өтемді түрде алынды. Олардың 571-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, 70-і иір ойықты қару, 1327-і иір ойықты қарудың оқ-дәрілері, 5,508 кг жарылғыш заттар қабылданды. Бұл орайда Қызылорда облыстық ІІД-мен аталмыш іс-шараға бөлінген он тоғыз миллион алпыс үш мың теңгенің барлығы игерілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-t-r-yndardan-za-syz-sa-tal-an-arular-satyp-alynba-409679](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-t-r-yndardan-za-syz-sa-tal-an-arular-satyp-alynba-409679)