---
title: "Қызылордада сора өсірумен айналысқан 3 азамат ұсталды."
description: "Республика аумағында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалы..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-08-08T03:58:57+00:00"
modified: "2017-08-08T03:58:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-sora-sirumen-aynalys-an-3-azamat-staldy-775060"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-sora-sirumen-aynalys-an-3-azamat-staldy-775060/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада сора өсірумен айналысқан 3 азамат ұсталды.

> Республика аумағында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалы...

Республика аумағында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалық полицейлер Ұлттық Ұланның және Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлерімен бірігіп Кармақшы ауданы, Қуаңдария ауылдық округінен 8 км. қашықтықта есірткі заты өсіп тұрған алқапты анықтады.

Ағымдағы жылдың 01 тамызында өсіруге заңмен тыйым салынған 2305 түп сора өсімдігін күтіп-баптап жатырған жерінен 37 жастағы, 34 жастағы және 33 жастағы үш қала тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында, аталған өсімдіктің жалпы салмағы 461 кг.-ды құрайтындығы белгілі болды. Сонымен қатар, аталған аумақтан ыдыс-аяқтар, есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар мен өзіне тән иісі бар жасыл түсті заттек салынған 2 қап анықталды. Анықталған шөптектес затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде жалпы салмағы 3 кг. 939 гр.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда, аталған үш азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі және 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Үш азамат та Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-sora-sirumen-aynalys-an-3-azamat-staldy-775060](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-sora-sirumen-aynalys-an-3-azamat-staldy-775060)