---
title: "Қызылордада «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде"
description: "Пәтер ұрлықтары қылмыстарын дер кезінде анықтау, алдын алу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке та..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-07-28T05:38:30+00:00"
modified: "2015-07-28T05:38:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-p-ter-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tude-525461"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-p-ter-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tude-525461/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

> Пәтер ұрлықтары қылмыстарын дер кезінде анықтау, алдын алу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке та...

Пәтер ұрлықтары қылмыстарын дер кезінде анықтау, алдын алу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 шілде аралығында облыс көлемінде **«Пәтер»** жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бірінші күнінде полиция қызметкерлерімен пәтер ұрлығы қылмысының 6 дерегі анықталып, аталған қылмыстарды жасаған үшін 7 қылмыскер құрықталды. Барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар шілде айының 29-на дейін жалғасын болады.

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-p-ter-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tude-525461](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-p-ter-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tude-525461)