---
title: "Қызылордада «Нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен фестиваль өткізілді"
description: "Қызылорда облысының нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствоаралық Штабының жә..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-11-02T06:57:40+00:00"
modified: "2016-11-02T06:57:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-nasha-orly-a-arsymyz-ranymen-festival-tkizildi-723461"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-nasha-orly-a-arsymyz-ranymen-festival-tkizildi-723461/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен фестиваль өткізілді

> Қызылорда облысының нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствоаралық Штабының жә...

Қызылорда облысының нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствоаралық Штабының және Қызылорда ОІІД негізгі іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен орталық алаңда нашақорлыққа қарсы фестиваль ұйымдастырылды. Фестиваль барысында митинг өткізіліп, жыл көлемінде есірткі мәселесін көтеріп, үздік ақпараттандыру шарасын жүргізген БАҚ, қоғамдық ұйым өкілдері департамент тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/w7a09tbakU7cp5Fq5glDbS14U1y73e.jpg)

Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/Tug14iUrdPVdjJlUWBsgZsm8E3V9ok.jpg)

Аталмыш акцияға Қазақстан эстрада жұлдызы Асан Пердешов шақырылды. Әнші өзінің өнерін көрсетіп, бұқара қауымды нашақорлықпен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды.

Кешенді іс-шараға қатысушыларға үгіт-насихат өнімдері таратылды.

Атап өтерлік жайт, Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан шығарылған полиграфиялық үгіт-насихат өнімдері (плакаттар мен үгіт парақтары) қала, аудандарға таратылып, олар халықтың көп шоғырланатын жерлеріне ілінді.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-nasha-orly-a-arsymyz-ranymen-festival-tkizildi-723461](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-nasha-orly-a-arsymyz-ranymen-festival-tkizildi-723461)