---
title: "Қызылордада «Мигрант» ЖПІШ-нің 1 күнінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 139 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды"
description: "Ағымдағы жылдың 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-02-16T04:50:19+00:00"
modified: "2016-02-16T04:50:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-migrant-zhpish-ni-1-k-ninde-k-shi-on-salasynda-y-za-namany-b-z-an-139-shetel-azamaty-kims-677768"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-migrant-zhpish-ni-1-k-ninde-k-shi-on-salasynda-y-za-namany-b-z-an-139-shetel-azamaty-kims-677768/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Мигрант» ЖПІШ-нің 1 күнінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 139 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

> Ағымдағы жылдың 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар...

Ағымдағы жылдың 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алатын заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көруге бағытталған **«Мигрант»** жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шараға ОІІД-нің **347** қызметкері жұмылдырылып, көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайлары, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, шараның 1 күнінде ш*етелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша **(ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы)*** **139** шетел азаматы анықталып, ш*етелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу* ***(ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы)*** дерегі бойынша **9** ҚР азаматына, *шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру* дерегі бойынша ***(ӘҚБтК-нің 519-бабы)*** **2** ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының **1** азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тағы 2 азаматы ҚР Азаматтық-процессуалдық кодексінің 382-бабы бойынша *(шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның шегінен шығарып жіберу)* республика аумағынан аластатылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының **9** азаматы ҚІІБ-ның қабылдау- тарату орнына жатқызылды.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-migrant-zhpish-ni-1-k-ninde-k-shi-on-salasynda-y-za-namany-b-z-an-139-shetel-azamaty-kims-677768](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-migrant-zhpish-ni-1-k-ninde-k-shi-on-salasynda-y-za-namany-b-z-an-139-shetel-azamaty-kims-677768)