---
title: "Қызылордада мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды"
description: "Мерейлі мерекеде қызылордалықтарға Тәуелсіздігіміздің басты нышаны ретінде Рәміздер алаңы пайдалануғ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-26T11:05:30+00:00"
modified: "2016-09-30T06:06:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-memlekettik-r-mizder-alleyasy-ashyldy-713969"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-memlekettik-r-mizder-alleyasy-ashyldy-713969/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды

> Мерейлі мерекеде қызылордалықтарға Тәуелсіздігіміздің басты нышаны ретінде Рәміздер алаңы пайдалануғ...

Мерейлі мерекеде қызылордалықтарға Тәуелсіздігіміздің басты нышаны ретінде Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн және биіктігі 60 метрлік қасиетті Мемлекеттік Ту орналастырылды.

![Қызылордада мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/K6GoyAPm2Ht7U0j73VP3OZjl4E3X2p.jpg)

«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деп, Елбасы баса айтқан болатын. Сондықтан да, бүгін Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының күніне орай, киелі «Алаштың анасының төрінен», өңіріміздің «Үлкен маржаны» саналатын Сырдарияның жағалауынан көк байрағымызды биікке көтеріп, «Мемлекеттік Рәміздер Аллеясының» ашылғандығын жариялаймыз,- деді Қ.Көшербаев.

Жалпы құны 325 млн. теңгеден астам жоба ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында салынды. Аймақ басшысы алаңның ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды қала күні мерекесімен құттықтады.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында МЖӘ аясында сапаржай ашылды.Қызылорда облысында «Солтүстік» сапаржайы қызылордалықтардың игілігіне тапсырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде «Романов и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен бұрынғы автобус паркі ғимаратын толықтай қайта жаңғыртудан өткізіп «Солтүстік» сапаржайын қала тұрғындары мен қонақтарының игілігіне тапсыруды мақсат етіп отыр.

Бұрын қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан орталық сапаржайдан облысымыздың оңтүстік аудандары мен Шымкент, Алматы қалаларына ғана автобустар қатынаса, облысымыздың солтүстік қатынайтын автобустары «Солтүстік» сапаржайынан жүреді.

Осыған дейін қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және қаламыздағы көлік қатынасын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 500 млн. теңгеге экологиялық таза, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді 20 автобус алынған болатын. Осы жобаны жалғасын тауып, «Байқоңыр» ӘКК және «Еуропалық қайта құру даму» банкі арасындағы келісімге сәйкес биыл «Қызылорда Автобус паркі» 92 дана жаңа автобуспен толықтырылды

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-memlekettik-r-mizder-alleyasy-ashyldy-713969](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-memlekettik-r-mizder-alleyasy-ashyldy-713969)