---
title: "Қызылордада халықаралық фестиваль өтеді"
description: "Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келген қонақтарға аймақтағы атқарылып жатқан мәдени-әлеуметтік шар..."
author: "makala"
published: "2014-10-08T01:38:54+00:00"
modified: "2014-10-08T01:38:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-haly-araly-festival-tedi-433053"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-haly-araly-festival-tedi-433053/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада халықаралық фестиваль өтеді

> Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келген қонақтарға аймақтағы атқарылып жатқан мәдени-әлеуметтік шар...

![Қызылордада халықаралық фестиваль өтеді](http://baq.kz/foto/3059a90f1895a3b78a0f46a78c0a1c66.jpg)

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келген қонақтарға аймақтағы атқарылып жатқан мәдени-әлеуметтік шараларды айтып, облыстың бүгінгі тынысын баяндады. «Қорқыт ата мұралары – түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция аясында өтетін алдағы іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Кездесу соңында облыстың негізгі даму салаларын суреттейтін бейнефильм көрсетілді.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға келген мәртебелі меймандар қатарында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Д.Қасейінов, жазушы, саясаткер О.Сүлейменов және Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Молдова, Қырғызстан мемлекеттерінен келген шетелдік ғалымдар мен саясаткерлер бар. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://www.mtdi.kz/info/71-zhanalyktar/4124-2014-10-08-04-40-27))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-haly-araly-festival-tedi-433053](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-haly-araly-festival-tedi-433053)