---
title: "Қызылордада екі бала үшінші қабаттың балконынан құлап..."
description: "Қызылордада алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттағы балконнан құлап кетті. ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, олар сол сәтте ересектердің қарауынсыз қалған. Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиғаның басқа мән-айы айтылмайды. ТЖМ..."
author: "orazali"
published: "2024-05-13T03:11:22+00:00"
modified: "2024-05-13T03:17:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-eki-bala-shinshi-abatty-balkonynan-lap-ketti-1004523"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-eki-bala-shinshi-abatty-balkonynan-lap-ketti-1004523/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада екі бала үшінші қабаттың балконынан құлап...

> Қызылордада алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттағы балконнан құлап кетті. ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, олар сол сәтте ересектердің қарауынсыз қалған. Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиғаның басқа мән-айы айтылмайды. ТЖМ...

*Қызылордада алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттағы балконнан құлап кетті.*

ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, олар сол сәтте ересектердің қарауынсыз қалған.

Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиғаның басқа мән-жайы айтылмайды.

ТЖМ мына жайттарды еске салып отыр: Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-eki-bala-shinshi-abatty-balkonynan-lap-ketti-1004523](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-eki-bala-shinshi-abatty-balkonynan-lap-ketti-1004523)