---
title: "Қызылордада бокстан Қазақстан чемпионаты басталды"
description: "ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Бүгін «Евразия» спорт кешенінде 1996-1997 жылдары туылған жастар арасында..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-25T23:11:49+00:00"
modified: "2014-02-25T23:11:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-bokstan-aza-stan-chempionaty-bastaldy-402582"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-bokstan-aza-stan-chempionaty-bastaldy-402582/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

> ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Бүгін «Евразия» спорт кешенінде 1996-1997 жылдары туылған жастар арасында...

[!\[Қызылордада бокстан Қазақстан чемпионаты басталды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140225202443-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140225202443.jpg)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Бүгін «Евразия» спорт кешенінде 1996-1997 жылдары туылған жастар арасында бокстан ел біріншілігінің жалауы көтерілді.

Чемпионатқа республиканың барлық өңірінен 200 жуық былғары қолғап шебері қатысуда. Жас спортшыларға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сәттілік тіледі, деп хабарлайды облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 11 салмақ дәрежесінде өзара бақ сынайтын былғары қолғап шеберлері Сыр өңіріндегі сайысқа үлкен дайындықпен келген. Бәсеке жоғары дәрежеде өтетінін мамандар қазірден-ақ айтуда. Өйткені «сен тұр, мен атайын» дейтін үздіктердің барлығы жарысқа қатысуға ниет танытыпты. Олардың арасында әлем чемпионы астаналық Рахат Мыржықпаев, Азия чемпиондары қарағандылық Владислав Сталбовский, қызылордалық Сабыржан Әбілов бар. Жарыс бір аптаға созылады. Шараның ашылу салтанатында аймақ басшысы Қ.Көшербаев облыстың намысын әлемдік ареналарда қорғап жүрген саңлақтарды марапаттап, қаржылай сыйақы берді. Құрметке бөленгендердің қатарында 45 спортшы, екі жаттықтырушы бар. Өткен жылы жерлестеріміз әлем және Азия чемпионаттарында 74 медаль иеленсе, соның 31-і алтын болды. Жеңістердің төресі ретінде дзюдошы Бауыржан Жауынтаевтың әлем біріншілігінде алған бас жүлдесін айтуға болады. Осылайша ол ел тарихында жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы ретінде қалды.

Автор: [Елубай Әуезов](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/929)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Қызылорда облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/262)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-bokstan-aza-stan-chempionaty-bastaldy-402582](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-bokstan-aza-stan-chempionaty-bastaldy-402582)