---
title: "Қызылордада бірнеше адам апиын сатуға әрекеттену..."
description: "Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды. 2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-17T05:19:55+00:00"
modified: "2024-04-17T05:19:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-birneshe-adam-apiyn-satu-a-rekettenu-kezinde-staldy-1003523"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-birneshe-adam-apiyn-satu-a-rekettenu-kezinde-staldy-1003523/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада бірнеше адам апиын сатуға әрекеттену...

> Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды. 2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5...

*Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/afe26665ab18f99816d128d3a1a0bb.jpg) 2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/e9e61a5ac201a9643d0ff3dbea757d.jpg) ҰҚК баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-birneshe-adam-apiyn-satu-a-rekettenu-kezinde-staldy-1003523](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-birneshe-adam-apiyn-satu-a-rekettenu-kezinde-staldy-1003523)