---
title: "Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды."
description: "Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды. Қызылордада жыл басынан б..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-07-01T22:25:37+00:00"
modified: "2014-07-01T22:25:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-beyneba-ylau-kameralaryny-k-megimen-70-ylmysty-beti-ashyldy-419894"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-beyneba-ylau-kameralaryny-k-megimen-70-ylmysty-beti-ashyldy-419894/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды.

> Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды. Қызылордада жыл басынан б...

Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды.

Қызылордада жыл басынан бері полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен 70-тен астам қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайырбергеноваға сілтеме жасап.   

«Қала бойынша 216 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 96-сы – көп қабатты үйлердің ауласында. Қаланы камера арқылы бақылау арқасында тәртіп сақшылары жыл басынан бері 70-тен астам қылмыстың бетін ашып, сегіз мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтады», - дейді ол.

Қайырбергенова атап өткендей, қызылордалықтардың дені заңды дұрыс білмегендіктен, әкімшілік бұзушылықтарға жиі барады, сол себепті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру өз алдына бөлек мәселе.

«Мысалға, жылдың алғашқы 5 айы ішінде бізде қала аумағын абаттандыру ережесі 1010 рет бұзылған. Иттер мен мысықтарды асырау ережелерін бұзудың жүздеген фактісі тіркелді, 500-ден аса адам қоғамдық орындарда темекі тартуға салынған тыйымды бұзған. Халықтың құқықтық білімін қалыптастыру жұмысы жүріп жатыр, ол департамент басшылығының қатаң бақылауында», - деді ол.

![Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды.](https://storage.yvision.kz/images/user/mvdgovkz/BGLPiGq1Iqcn2eR1o9ren1RUW65V6S.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-beyneba-ylau-kameralaryny-k-megimen-70-ylmysty-beti-ashyldy-419894](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-beyneba-ylau-kameralaryny-k-megimen-70-ylmysty-beti-ashyldy-419894)