---
title: "Қызылордада «Балалар түнгі қалада» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілмек"
description: "Ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік е..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-01-21T22:40:35+00:00"
modified: "2016-01-21T22:40:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-balalar-t-ngi-alada-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tkizilmek-674386"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-balalar-t-ngi-alada-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tkizilmek-674386/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада «Балалар түнгі қалада» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілмек

> Ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік е...

Ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.

Іс-шара барысында жергілікті полиция қызметкерлері түнгі уақыттарда ойын-сауық орындары мен демалыс орындарында, сауда үйлері мен дүкендерде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады.

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-balalar-t-ngi-alada-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tkizilmek-674386](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-balalar-t-ngi-alada-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-tkizilmek-674386)