---
title: "Қызылордада 200 кг-нан аса балық аулаған азаматтар ұсталды"
description: "Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарла..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-11-20T23:35:55+00:00"
modified: "2017-11-20T23:35:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-200-kg-nan-asa-baly-aula-an-azamattar-staldy-785644"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-200-kg-nan-asa-baly-aula-an-azamattar-staldy-785644/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада 200 кг-нан аса балық аулаған азаматтар ұсталды

> Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарла...

Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген рейд барысында Кіші Арал теңізінің №18 учаскесінде «Прогресс» үлгісіндегі жүзу кемесімен балық аулап тұрған жерінен Арал ауданының 2 тұрғыны ұсталды.

Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген рейд барысында Кіші Арал теңізінің №18 учаскесінде «Прогресс» үлгісіндегі жүзу кемесімен балық аулап тұрған жерінен Арал ауданының 2 тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында, «Ветерок-8» үлгісіндегі ілмелі моторы, 7 дана синтетикалық аулар және жалпы салмағы 205,5 кг-ды құрайтын көксерке балығы анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Аталмыш дерек бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 4 және 5-тармақтары негізінде тіркеліп, жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де ұсталған азаматтардың кінәсі толығымен дәлелденсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-200-kg-nan-asa-baly-aula-an-azamattar-staldy-785644](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-200-kg-nan-asa-baly-aula-an-azamattar-staldy-785644)