---
title: "Қызылордада 1000-нан аса оқушылар мен студенттер спорттық жарыс түрлерінен бақ сынасты"
description: "Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихатта..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-05-21T22:54:12+00:00"
modified: "2015-05-21T22:54:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-1000-nan-asa-o-ushylar-men-studentter-sportty-zharys-t-rlerinen-ba-synasty-503496"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-1000-nan-asa-o-ushylar-men-studentter-sportty-zharys-t-rlerinen-ba-synasty-503496/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылордада 1000-нан аса оқушылар мен студенттер спорттық жарыс түрлерінен бақ сынасты

> Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихатта...

Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» тақырыбында орта мектеп оқушылары мен студенттер арасында спорттық- эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу болып табылды.

Сайыскерлер өздерінің жүгірудегі, кедергілерден өтудегі, секіргішті қолдану мен футбол, баскетбол, теннис спорт түрлерінің негіздерін игергендіктерін көрсете білді. Аталмыш жарыстарға облыс көлемінде 30 білім беру орнынан 1000-нан астам оқушы, студенттер қатысты.

Аталған жеңімпаздар Қызылорда ОІІД басшылығы тарапынан дипломдармен марапатталып, естелік сыйлық ретінде нағыз спортшыға қажет заттар ұсынылды.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-1000-nan-asa-o-ushylar-men-studentter-sportty-zharys-t-rlerinen-ba-synasty-503496](https://yvision.kz/kk/post/yzylordada-1000-nan-asa-o-ushylar-men-studentter-sportty-zharys-t-rlerinen-ba-synasty-503496)