---
title: "Қызылорда облысының өңірлерінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде"
description: "2015 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ..."
author: "AnticorrsluzhbaKzo"
published: "2015-07-30T00:37:44+00:00"
modified: "2015-07-30T00:37:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysyny-irlerinde-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-birinshi-institucionaldy-reformasyn-t-sindi-525817"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysyny-irlerinde-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-birinshi-institucionaldy-reformasyn-t-sindi-525817/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылорда облысының өңірлерінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде

> 2015 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...

2015 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Сырдария ауданының Шаған ауылында және Сырдария, Жалағаш аудан орталықтарында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын түсіндіру бойынша көшпелі кездесу өткізілді. Кездесулерге аудан орталықтарының мемлекеттік қызметшілері, ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және жастары қатысты. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның даму жолына арналған бес институттық реформасын жария етті. Осы реформалар аясында жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – еліміздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және мемлекетімізді дамыған елдердің үздік отыздығының қатарына қосуға бағытталған бағдарлама. Департаменттің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев және Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Ғ Ілкібаев әрбір мемлекеттің бейнесін, оның жұмысының тиімділігін концепциялар емес, ал оның қызметшілері айқындайды деп атап өтті. Жаңа Ұлттық жоспарда бірінші маңыздылық кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға беріледі. Бұл маңызды мақсат 15 нақты қадамдарға бөлінген және мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс деген қағидадан басталады. Сондай-ақ кездесу барысында реформаның жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық шкаласын енгізу, мемлекеттік қызметшілердің нәтижеліліктерін тұрақты бағалап, бонустар төлеп отыруды енгізу, мемлекеттік аппараттың кәсібилендіру, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң әзірлеу және мемлекеттік қызметшілерге аттестаттау жүргізу сияқты басты аспектілері түсіндірілді. Көшпелі кездесулер БАҚ-ның қатысуымен өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysyny-irlerinde-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-birinshi-institucionaldy-reformasyn-t-sindi-525817](https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysyny-irlerinde-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-birinshi-institucionaldy-reformasyn-t-sindi-525817)