---
title: "Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал қорғалған 4 нысанның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды"
description: "Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заң ..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-08-17T05:45:19+00:00"
modified: "2017-08-17T05:45:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysynda-terroristik-t-r-ydan-osal-or-al-an-4-nysanny-basshylary-kimshilik-zhauapkershilik-775923"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysynda-terroristik-t-r-ydan-osal-or-al-an-4-nysanny-basshylary-kimshilik-zhauapkershilik-775923/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал қорғалған 4 нысанның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

> Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заң ...

Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заң талаптарына сай емес нысандарды анықтауда.

Жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде террористік тұрғыдан осал 4 нысанның басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1 қоғамдық тамақтану орны, 1 спорт нысаны, 1 өндіріс нысаны, 1 су шаруашылығы мекемесі басшылығына сот орындарының шешіміне сәйкес 2 миллионға жуық айыппұл салынды. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғылары, сондай-ақ, мамандандырылған күзет қызметі болмаған. Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасының 23.04.2014 жылғы «Ішкі істер органдары туралы» Заңына және 13.07.1999 жылғы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерді тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysynda-terroristik-t-r-ydan-osal-or-al-an-4-nysanny-basshylary-kimshilik-zhauapkershilik-775923](https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysynda-terroristik-t-r-ydan-osal-or-al-an-4-nysanny-basshylary-kimshilik-zhauapkershilik-775923)