---
title: "Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мәселесі талқыланды"
description: "Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында полиция қызметкерлерінің біліктілі..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-06-05T06:30:19+00:00"
modified: "2017-06-05T06:30:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysy-ishki-ister-departamentinde-sybaylas-zhem-orly-reketterine-zhol-bermeu-m-selesi-tal--769038"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysy-ishki-ister-departamentinde-sybaylas-zhem-orly-reketterine-zhol-bermeu-m-selesi-tal--769038/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мәселесі талқыланды

> Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында полиция қызметкерлерінің біліктілі...

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға бағытталған ***«Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне жол бермеу мәселесі»*** тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын күнделікті қызметте қолдану тәсілдері туралы түсіндірме беріп, заңның қолдану шеңберінде туындайтын сұрақтар бойынша пікір алмасу болып табылады.

![Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мәселесі талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/wZ70bH2zuyYVR090tt6z41aEzb23P6.jpg)

Кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқарма басшысының міндетін атқарушы **Ізкенов Бағдат Оразбекұлы,** ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы **Байқуатова Марал Жұмабекқызы,** департаменттің Әкімшілік полиция, Көші-қон полиция басқармалары, Күзет қызметін бақылау бөлімі, Қызылорда ҚІІБ және барлық АІІб басшыларының орынбасарлары мен қызметкерлері қатысты.

![Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мәселесі талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/Syz9A05DPsUh6WbORcZUI7z7U90F2E.jpg)

Семинар-кеңесті **Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов** ашып, семинар-кеңестің бағдарламасымен таныстырды, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Шара барысында Көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары С.Умаровтың, Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы С.Жүсіпованың баяндамалары тыңдалды.

![Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мәселесі талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/wFM2Za6ECHvhyiqbV9xGPcOf3jC7un.jpg)

Семинар соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес заңнамалар төңірегінде өзара пікір алмасумен аяқталды.

 

**ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysy-ishki-ister-departamentinde-sybaylas-zhem-orly-reketterine-zhol-bermeu-m-selesi-tal--769038](https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysy-ishki-ister-departamentinde-sybaylas-zhem-orly-reketterine-zhol-bermeu-m-selesi-tal--769038)