---
title: "Қызылорда облысы бойынша қаржы полициясы 2014 жылғы 6 айдың жұмыс нәтижелерін қорытындылады"
description: "2014 жылғы 10 шілдеде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы М.Қожабаевтың..."
author: "finpol"
published: "2014-07-11T04:24:56+00:00"
modified: "2014-07-11T04:24:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysy-boyynsha-arzhy-policiyasy-2014-zhyl-y-6-aydy-zh-mys-n-tizhelerin-orytyndylady-420992"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysy-boyynsha-arzhy-policiyasy-2014-zhyl-y-6-aydy-zh-mys-n-tizhelerin-orytyndylady-420992/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылорда облысы бойынша қаржы полициясы 2014 жылғы 6 айдың жұмыс нәтижелерін қорытындылады

> 2014 жылғы 10 шілдеде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы М.Қожабаевтың...

2014 жылғы 10 шілдеде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы М.Қожабаевтың төрағалығымен Департаменттің 2014 жылғы 6 айдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел мәжіліс өтті.

Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің жедел-қызметтік іс-әрекеті Елбасы қойған талаптар мен Агенттік Төрағасы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ол сыбайлас жемқорлыққа және «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлер мен азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау арқылы еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін Департамент 2014 жылдың 6 айында 252 қылмыс анықтады. Оның ішінде 64 сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар. Анықталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал мөлшері 1,8 млрд. теңгені құрады, оның 1,1 млрд. теңгесі өндірілді. Департамент бастығы М.Қожабаев жеке құрамға қызметтің басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар және алдағы кезеңге міндеттер белгілеп, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске бағытталған шаралардың тиімділігін арттыруды, ауыр қылмыстарды анықтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтау жөнінде нақты міндеттерді жүктеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysy-boyynsha-arzhy-policiyasy-2014-zhyl-y-6-aydy-zh-mys-n-tizhelerin-orytyndylady-420992](https://yvision.kz/kk/post/yzylorda-oblysy-boyynsha-arzhy-policiyasy-2014-zhyl-y-6-aydy-zh-mys-n-tizhelerin-orytyndylady-420992)