---
title: "«Қызылоба» ауылы тұрғындарымен кездесу"
description: "2017 жылдың 23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-11-24T07:58:57+00:00"
modified: "2017-11-24T07:58:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzyloba-auyly-t-r-yndarymen-kezdesu-786039"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzyloba-auyly-t-r-yndarymen-kezdesu-786039/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қызылоба» ауылы тұрғындарымен кездесу

> 2017 жылдың 23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық...

**2017 жылдың 23 қарашада** Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған **«Парасыз болашаққа. Бірге!»** мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қызылоба ауылы тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшылары Б.М.Хайруллин мен Б.С.Ибрашев, білім саласы қызметкерлері, қамқоршылар кеңестері және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, мектеп басшылығы қатысты.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мәселелері түсіндірілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzyloba-auyly-t-r-yndarymen-kezdesu-786039](https://yvision.kz/kk/post/yzyloba-auyly-t-r-yndarymen-kezdesu-786039)