---
title: "Қызылөзен ауылында орналасқан \"Қарағантүбек\" ЖШС мекемесінің мамандарымен кездесу өтті"
description: "Қарағантүбек – 1984 жылы ауыл орталығында Түпқараған асыл тұқымды совхозы болып ашылып, кейін 1994 ж..."
author: "tupkaragan.nurotan.kz"
published: "2020-11-26T15:18:57+00:00"
modified: "2020-11-26T15:18:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzyl-zen-auylynda-ornalas-an-ara-ant-bek-zhshs-mekemesini-mamandarymen-kezdesu-tti-880164"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzyl-zen-auylynda-ornalas-an-ara-ant-bek-zhshs-mekemesini-mamandarymen-kezdesu-tti-880164/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызылөзен ауылында орналасқан "Қарағантүбек" ЖШС мекемесінің мамандарымен кездесу өтті

> Қарағантүбек – 1984 жылы ауыл орталығында Түпқараған асыл тұқымды совхозы болып ашылып, кейін 1994 ж...

Қарағантүбек – 1984 жылы ауыл орталығында Түпқараған асыл тұқымды совхозы болып ашылып, кейін 1994 жылы совхоз "Қарағантүбек" акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазір «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» болып жұмыс істеуде. Негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Мал басы - асыл тұқымды қаракөл қойы. Шаруашылықтың алғашқы басшылары Ә.Бегебайов, Ж.Нұрлаев, Т.Қалжанов, А.Лұқпанов, Қ.Дүйішов, Д.Өтебалиев және А.Шарипов деген азаматтар.

Ауыл халқының негізгі тіршілік көзі "Қарағантүбек" ЖШС асыл тұқымды қаракөл, еділбай қойлары мен жылқыларын өсірумен айналысады. Қазіргі мекеме басшысы А.Есқалиева. Кәсіпорында барлығы 38 қызметкер жұмыс істейді. Мал шаруашылығымен айналысатын 9 (тоғыз) мал ауылдары бар. Олар: Бегеш, Түбежік, Мұрынқора, Сұршоқы, Қызылсығыра, Ақшоқы, Нұрқабай, Ағаштыбауыр және Сағажа.

Мал шаруашылығы және сонымен қатар егін шаруашылығының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан азаматтардың бірі – "Әулет" шаруа қожалығының басшысы – Айтбай Шарипов. Жетекшісі - Рмолдиев Бүркітбай. Үкіметтен несие алып, шаруашылық жұмысын бастаған кәсіпкердің бүгінде көптеген қой, жылқы, сиыр сияқты төрт-түліктерімен қатар, иелігінде 50 га жері бар және онда бақша дақылдары қияр, қызанақ, қауын - қарбыз, сәбіз, аскөк, қызылша т.б жеміс ағаштары алманың түрлі сорттары, алмұрт, өрік түрлері, шабдалы, шие өсіріледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzyl-zen-auylynda-ornalas-an-ara-ant-bek-zhshs-mekemesini-mamandarymen-kezdesu-tti-880164](https://yvision.kz/kk/post/yzyl-zen-auylynda-ornalas-an-ara-ant-bek-zhshs-mekemesini-mamandarymen-kezdesu-tti-880164)