---
title: "«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады"
description: "Әлемге танымал жазушы Цао Сюэциннің романы желісінде түсірілген туындыны Ұлттық арнадан 3 тамыздан б..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-16T05:12:00+00:00"
modified: "2015-07-20T07:03:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzyl-sarayda-y-t-s-telehikayasy-efirge-shy-ady-523278"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzyl-sarayda-y-t-s-telehikayasy-efirge-shy-ady-523278/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады

> Әлемге танымал жазушы Цао Сюэциннің романы желісінде түсірілген туындыны Ұлттық арнадан 3 тамыздан б...

Әлемге танымал жазушы Цао Сюэциннің романы желісінде түсірілген туындыны Ұлттық арнадан 3 тамыздан бастап дүйсенбі-жұма аралығында **сағат 19:30-да** көре аласыздар.

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/UFofXzQG0oQ7KIn8AcU619imTqcjyN.jpg)

«Қызыл сарайдағы түс» - Цао Сюэциннің (1724 – 1764) ең атақты романы. Бұл - Цзя әулетінің екі буынының құлдырауын, сондай-ақ, көптеген ағайын-туыстарының тағдырын баяндайтын туынды.

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/mbE8g2ha3o1qf1mNxlP5J9hY68b7hO.jpg)

Қытайдың басқа романдарына қарағанда, «Түсте» жүйелі композиция бар. Бірінші романда жазушы кейіпкерлердің көңіл-күйін әр деталіне дейін суреттейді.

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/KSCJUgVTLj9wkRKxd1POpQ3Hom5ZnK.jpg)

«Қызыл сарайдағы түс» - 18 ғасырда жазылған классикалық қытай романының телевизиялық нұсқасы. Фильм атауының екі мағынасы бар. Бірі - «Қызыл сарай» бұл – ақсүйек әулеттердің қыздары өмір сүретін жер болса, екінші мағынасы 5-ші бөлімде басты рөлдегі кейіпкер Баоюй көретін түс. Яғни, оның түсінде біраз кейіпкерлердің тағдыры осы «Қызыл сарайда» шешіледі.

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/pkWnanqmsoQZ9bvHCUyoV0g6ctpjPQ.jpg)

Телехикая адам қиялын Цин династиясы кезеңіне тереңінен бойлатады. Туынды арқылы қытайдың халықтық медицинасы, [асханасы](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/programs/archive/programs_poz/qytai_dami), шәй мәдениеті, нақыл сөздері, мифологиясы, Конфуций ілімі, буддизим, даоцизмді, опера, музыка, сурет өнері, классикалық әдебиет және сол кезеңнің басқа да аспектілерін байқауға болады.

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/SIv869zGy8rEbA32tbWfz9v72b0A4w.jpg)

Бестселлерге айналған роман 100 миллионнан астам данамен таратылған.

Телехикая 2010 жылы Азиядағы телетуындылардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. «DENA-Media Group»медиа-холдингі түсірген 50 сериялық телехикая бюджеті 18 880 000 АҚШ долларын құрайды.

Туындыға 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер түскен.

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/zcR9ukkCK7Sy1ys0dB6LOYbj9XOKKe.jpg)

Телехикаяны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендері 3 тамыздан бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:30-да көре алады.

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/MlUm7p2wd94reZ4T5VXKCM333Z1var.jpg)

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/DW74WTqfp66C649Zpr0ylxFVCf2JbA.jpg)

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Xg7VtvbTz97bHXg8038TjgMMgUirn8.jpg)

![«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/PUnga935AojPgvbPtD14Zz6g30nOSg.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzyl-sarayda-y-t-s-telehikayasy-efirge-shy-ady-523278](https://yvision.kz/kk/post/yzyl-sarayda-y-t-s-telehikayasy-efirge-shy-ady-523278)