---
title: "Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта"
description: "2017 жылдың 29-30 қыркүйекте «Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта» акциясының шеңберінде, кез-келген ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-10-06T05:38:59+00:00"
modified: "2017-10-06T05:38:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-k-lik-yzmettik-ma-satta-780866"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-k-lik-yzmettik-ma-satta-780866/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта

> 2017 жылдың 29-30 қыркүйекте «Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта» акциясының шеңберінде, кез-келген ...

2017 жылдың 29-30 қыркүйекте «Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта» акциясының шеңберінде, кез-келген құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастырау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Жергілікті полиция қызметі мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерін қызметтен тыс мақсатта пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік шара өткізілді.

Шара Орал қаласының аймағында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін сақтау, атап айтқанда, қызметтік автокөлікті, қызметтік куәліктерді тиімді пайдалану, соның ішінде тек қызметтік мақсатта пайдалану, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды және қоғамдық тәртіпті сақтауды анықтауға бағытталды.

Әдеп Кодексіне сәйкес, мінез-құлықтың жалпы стандарттарында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиісті.

Рейд кезінде бірнеше бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, мемлекеттік органдардың басшыларына қызметтік автокөліктерді мақсатты пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде хаттар жолданды.

Жыл басынан бері Департаментпен 3 рейдтік шара өткізіліп, 6 бұзушылықтар анықталған болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-k-lik-yzmettik-ma-satta-780866](https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-k-lik-yzmettik-ma-satta-780866)