---
title: "Қызметтік этиканың сақталуы Әдеп жөніндегі кеңестің қатаң бақылауында"
description: "Ағымдағы жылғы 10 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшыс..."
author: "finpolsko"
published: "2016-03-13T23:00:01+00:00"
modified: "2016-03-13T23:00:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-etikany-sa-taluy-dep-zh-nindegi-ke-esti-ata-ba-ylauynda-683363"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-etikany-sa-taluy-dep-zh-nindegi-ke-esti-ata-ba-ylauynda-683363/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қызметтік этиканың сақталуы Әдеп жөніндегі кеңестің қатаң бақылауында

> Ағымдағы жылғы 10 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшыс...

![Қызметтік этиканың сақталуы Әдеп жөніндегі кеңестің қатаң бақылауында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2cHTR38Q2peNjrxX5zArx85I5B39yl.jpg)

Ағымдағы жылғы 10 наурызда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен Кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда 4 мәселе қаралды.

Алғаш болып СҚО Жер инспекциясы басқармасының басшысы М.Ж. Меңдібаев, қызметтік тәртіпті нығайту жөніндегі атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар мен қызметтік этика нормаларын бұзушылықтар, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады. Бұған Әдеп жөніндегі кеңес, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде олардың құқықтарының қорғалуына мемлекеттік бақылау, жер қатынастары саласындағы заңнама талаптарына сай жүргізілуі қажеттігін ескертті.

![Қызметтік этиканың сақталуы Әдеп жөніндегі кеңестің қатаң бақылауында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/GOd5wt886j9JGJe6bh30hsoH3TAiz1.jpg)

Содан соң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша СҚО Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының міндетін атқарушы Т.В. Филиппованың ақпараты тыңдалды. Есепті тыңдаған Кеңес мүшелері, 2015 жылдың қыркүйегінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірлескен талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және бекітуді тапсырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды. Бұдан әрі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, оның ішінде қызметтік этиканы бұзушылық фактілері және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар бойынша өтініштермен жұмыс барысы талқыланды. Кеңес хатшылығының аталған бағыттағы қызметімен, отырысқа қатысушыларды Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының басшысы Д.Қ. Тайшабай хабардар етті. Мәселен, жыл басынан бері 17 өтініш қаралып, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және айыпты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша тиісті іс-шаралар қабылданғандығы мәлім болды. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалдарында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен өткізілетін 2016 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді.

![Қызметтік этиканың сақталуы Әдеп жөніндегі кеңестің қатаң бақылауында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/eGs1N2uA2zBd8E5ulz98nfJEOoAhs5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-etikany-sa-taluy-dep-zh-nindegi-ke-esti-ata-ba-ylauynda-683363](https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-etikany-sa-taluy-dep-zh-nindegi-ke-esti-ata-ba-ylauynda-683363)