---
title: "«Қызметтік қарым-қатынастарды қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында тренинг"
description: "2019 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаме..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-12-09T05:19:50+00:00"
modified: "2019-12-09T05:19:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-arym-atynastardy-alyptastyrudy-zamanaui-t-silderi-ta-yrybynda-trening-845594"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-arym-atynastardy-alyptastyrudy-zamanaui-t-silderi-ta-yrybynda-trening-845594/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қызметтік қарым-қатынастарды қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында тренинг

> 2019 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаме...

2019 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы бекіткен, мемлекеттік қызметтегі қызметтік әдеп стандарттарын нығайту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова департамент қызметкерлерімен «Қызметтік қарым-қатынасты қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің барлық қатысушылары аталмыш іс-шараның оң әсерін атап өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: оң тұлғааралық қарым-қатынасқа қол жеткізу, қатысушыларды топтастыру, топта қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру, бұл команданың нақты жағдайда тиімді жұмыс істеуіне және жалпы дамуға, ішкі шығармашылық әлеуетті ашуға мүмкіндік береді.

Міндеттері:
- қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру;
- командада жұмыс істей білуді дамыту;
- топ қатысушыларында өзара қарым - қатынасты жақсарту үшін ұқсастықтарды табу; — топты топтастыру, онда эмоционалды оң атмосфераны қалыптастыру;
- шығармашылық әлеуетті ашу;
- өзін - өзі бағалау деңгейін арттыру;
- эмоционалдық қабылдауды дамыту;
- жұмыс бойынша әріптестермен тиімді қарым - қатынас құралдарын дамыту;
- топты топтастыру;
- әр қатысушының өз рөлін, топтағы функцияларын сезінуі;
- коммуникативтік дағдыларды арттыру;
- сәттілікке, жақсылыққа және табысқа деген көңіл-күйді арттыру.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 8, 9, 10 баптарына сәйкес Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен, қарамағындағылармен қызметтік қарым-қатынаста:

8. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:

1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;

3) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;

4) әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.

9. Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде:

1) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;

2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

4) еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

6) құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;

7) оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.

10. Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер:

1) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға;

2) өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөніндегі уәкілге дереу хабарлауға;

3) басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті) болдырмауға;

4) басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиіс.

---------------------------------------------------------------

6 декабря 2019 года в рамках исполнения Плана основных мероприятий по укреплению стандартов служебной этики на государственной службе, утвержденного руководителем Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Костанайской области, уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. провела с сотрудниками департамента тренинг на тему: «Современные подходы формирования служебных отношений». Все участники тренинга отметили положительный эффект данного мероприятия.

Основная цель мероприятия: достижение положительных межличностных отношений, сплочение участников, создание благоприятного социально-психологического климата в группе, что способствует эффективной работе команды в реальных условиях и общему развитию, раскрытие внутреннего творческого потенциала.

Задачи: — формирование благоприятного психологического климата; — развитие умения работать в команде; — нахождение сходств у участников группы для улучшения взаимодействия между ними; — консолидация группы, формирование в ней эмоционально позитивной атмосферы; — раскрытие творческого потенциала; — повышение уровня самооценки; — развитие эмоционального восприятия; — развитие средств эффективного общения с коллегами по работе; — сплочение группы; — осознание каждым участником своей роли, функции в группе; — повысить коммуникативные навыки; — повысить настрой на удачу, добро и успех.

Согласно статьи 8, 9, 10 Этического кодекса государственных служащих Республики Казахстан Государственные служащие в служебных отношениях с коллегами, подчиненными должны:

8. Государственные служащие в служебных отношениях с коллегами должны:

1) способствовать установлению и укреплению в коллективе деловых и доброжелательных взаимоотношений и конструктивного сотрудничества;

2) пресекать либо принимать иные меры по недопущению нарушений норм служебной этики со стороны других государственных служащих;

3) воздерживаться от обсуждения личных и профессиональных качеств коллег, порочащих их честь и достоинство в коллективе;

4) не допускать действий (бездействия), препятствующих выполнению коллегами их должностных обязанностей.

9. Руководители в отношениях с подчиненными служащими должны:

1) своим поведением служить примером беспристрастности, справедливости, бескорыстия, уважительного отношения к чести и достоинству личности;

2) обеспечивать соблюдение принципов меритократии, при решении кадровых вопросов не оказывать предпочтения по признакам родства, землячества и личной преданности;

3) проявлять справедливость и объективность при оценке результатов их деятельности, а также применении мер поощрения и взысканий;

4) принимать меры, направленные на охрану труда, здоровья, создание безопасных и необходимых условий для эффективной деятельности, а также создание благоприятной морально-психологической атмосферы, исключающей любые формы дискриминации и посягательств на честь и достоинство служащих;

5) не использовать служебное положение для оказания влияния на их деятельность при решении вопросов неслужебного характера;

6) не принуждать к совершению противоправных поступков, а также поступков, не совместимых с общепринятыми морально-этическими нормами;

7) не допускать по отношению к ним необоснованных обвинений, фактов грубости, унижения достоинства, бестактности и некорректного поведения.

10. Государственные служащие, занимающие нижестоящие должности, должны:

1) при выполнении поручений руководителей представлять только объективные и достоверные сведения;

2) незамедлительно доводить до сведения руководства и уполномоченного по этике о ставших им известными случаях нарушений норм служебной этики и дисциплинарных проступках, дискредитирующих государственную службу;

3) не допускать действий (бездействия), препятствующих выполнению правомерных поручений руководителя;

4) не допускать в отношении руководства проявлений личной преданности, стремления к получению выгод и преимуществ за счет их должностных возможностей.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-arym-atynastardy-alyptastyrudy-zamanaui-t-silderi-ta-yrybynda-trening-845594](https://yvision.kz/kk/post/yzmettik-arym-atynastardy-alyptastyrudy-zamanaui-t-silderi-ta-yrybynda-trening-845594)