---
title: "Қыздар рингке шықты"
description: "Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында бокстанәйелдер арасында ірі халықаралық турнир басталад..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-05-28T23:09:05+00:00"
modified: "2013-05-28T23:09:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzdar-ringke-shy-ty-354947"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yzdar-ringke-shy-ty-354947/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қыздар рингке шықты

> Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында бокстанәйелдер арасында ірі халықаралық турнир басталад...

[!\[Қыздар рингке шықты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-52-300x168.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-52.jpg)

 

Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында бокстанәйелдер арасында ірі халықаралық турнир басталады. Оған Әзірбайжан, Украина, Ресей және Қазақстан құрамаларықатысады.

Бұл бәсеке матчтық кездесу жүйесі бойынша өткізіледі. Яғни әр команда бір-бірімен күш сынасу арқылы жеңімпазды анықтайды. Еңбастысы, барлық елдің ұлттық құрама бапкерлері өздерінің үздік былғарықолғап шеберлерін осы турнирге қатыстыруды құп көрген екен. Бұл – жарыс деңгейі жоғары болады деген сөз. Бақ сынаушылар арасында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алған спортшылар да бар. Ал Қа­зақстан құрамасы сапында әлем чемпио­на­тының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі), Азия чемпионы Жайна Ше­кер­баева (51 келі), ел біріншілігінің жүлдегері Сания Сұлтанқызы (54 келі), Қазақстан чемпионы Оксана Королева (57 келі), құрлықтықдоданың қола жүлдегері Фи­рюза Шәріпова (60 келі), Азия чемпион­дары Саида Хасенова (64 келі) мен Дариға Шәкімова (69 келі), Олимпиада ойын­дарының қола жүлдегері Марина Вольнова (75 келі), әлем чемпионатының финалисі Жұлдыз Маматқұлова (81 келі) және ел біріншілігінің қола жүлдегері Ләззат Күнгенбаева (+81 келі) сынды боксшылар өнер көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yzdar-ringke-shy-ty-354947](https://yvision.kz/kk/post/yzdar-ringke-shy-ty-354947)