---
title: "Қыз Жібек қойылымының премьерасы"
description: "29 мамыр күні Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қыз Жібек қой..."
author: "kaztube1"
published: "2013-06-02T11:53:47+00:00"
modified: "2013-06-02T11:53:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yz-zhibek-oyylymyny-premerasy-355631"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yz-zhibek-oyylymyny-premerasy-355631/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қыз Жібек қойылымының премьерасы

> 29 мамыр күні Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қыз Жібек қой...

29 мамыр күні Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қыз Жібек қойылымының премьерасы өтті. Қойылым режиссері - белгілі актер Сайлау Қамиев.

![Қыз Жібек қойылымының премьерасы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/U2lUGb5vtR9xSd624QkrNjie7o7wg6.jpg)

Сайлау Қамиевтің режиссурадағы алғашқы қадамы өте сәтті басталды десе де болады. Қойылым керемет дайындалғанымен қоса, таңдау жақсы жасалған.

![Қыз Жібек қойылымының премьерасы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/cu9XxASaxcpSwOQLmQ30pKaD2nXSRM.jpg)

Музыкалық драмаға қойылған Қыз Жібек спектаклінде басты рөлді сомдаған актерлардың шеберлігіне сөз жоқ. Әрбір қимылмен көңіл-күйді керемет жеткізе біледі.

![Қыз Жібек қойылымының премьерасы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/m0266R271sW6v81Nh2pLY10A7hNnWI.jpg)

Жібектің батылдығы мен адалдығы, Бекежанның сатқындығы, Төлегеннің батырлығы, бәрі-бәрі халықтың көңіл көзіне оттай басылып, көрермендер рухани ләззат алып, бір марқайып қалды.

![Қыз Жібек қойылымының премьерасы](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/Jy57ZRtPS5Nt2hE2NlYKTn49KA7QH9.jpg)

Уақыттарыңыз болса, Қалеки - қазақ театрына барыңыздар, көріңіздер. Ал, Қыз Жібек қойылымының премьерасы туралы видеоны біздің порталдан іздейсіздер :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yz-zhibek-oyylymyny-premerasy-355631](https://yvision.kz/kk/post/yz-zhibek-oyylymyny-premerasy-355631)