---
title: "Ювижн &quot;казахофобтар&quot; мекені ме?"
description: "Мында келіп, біраз нәрсені әлі меңгере алмай жүрген түрім бар. Аватар қоя алмадым, мысалы... Маңызды..."
author: "Aizhantabyn"
published: "2011-10-22T07:39:58+00:00"
modified: "2011-10-22T07:39:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yuvizhn-quot-kazahofobtar-quot-mekeni-me-200532"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yuvizhn-quot-kazahofobtar-quot-mekeni-me-200532/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ювижн &quot;казахофобтар&quot; мекені ме?

> Мында келіп, біраз нәрсені әлі меңгере алмай жүрген түрім бар. Аватар қоя алмадым, мысалы... Маңызды...

Мында келіп, біраз нәрсені әлі меңгере алмай жүрген түрім бар. Аватар қоя алмадым, мысалы... Маңызды емес бірақ. Маңыздысы, мындағы көп қолданушылар мен ойлағандай мәдениетті емес екен. Құдай біледі, өмірден, қоршаған ортадан, менен ала алмай қалған не өші бар екенін, бірақ ашулы, қабақтары ашылмайтын "казахофобтар" ма қалай өзі?

Еркін ойыңды білдіруің мұң екен, айтпайтынды айтып, жеке тұлғаға көшуге құмар жұртқа таң қалдым. Бұрындары, сырттан оқып,іштей тамсанатынмын. Тақырыптары да ерекше, қолданушылар да не деген мәдениетті деп))) Алайда, көпке құм шашқым келмейді. Тәрбие көрген, мәдениеттен жұрдай емес адамдар да бар екені айқын. Ол жағынан күмәнім жоқ. Уақыт көрсетер, кімнің кім, ненің не екенін...

Ешкімнің намысына тиетін сөз айтқым келмейді) Артық кетсем, кешірім сұраймын)

 

Мир вам, люди)))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yuvizhn-quot-kazahofobtar-quot-mekeni-me-200532](https://yvision.kz/kk/post/yuvizhn-quot-kazahofobtar-quot-mekeni-me-200532)