---
title: "Юбилейный ауылындағы семинар-кеңес"
description: "2016 жылдың 13 шілдесінде Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкерл..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-07-15T05:21:33+00:00"
modified: "2016-07-15T05:21:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yubileynyy-auylynda-y-seminar-ke-es-702504"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yubileynyy-auylynda-y-seminar-ke-es-702504/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Юбилейный ауылындағы семинар-кеңес

> 2016 жылдың 13 шілдесінде Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкерл...

![Юбилейный ауылындағы семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/U71znK67IeyEnzXVZsNtY8xx54s6Vu.jpg)

2016 жылдың 13 шілдесінде Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкерлері Теректі ауданы, Подстепное селолық округі, Юбилейный ауылында ауылдық кітапхана және мәдениет бөлімшесі бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған семинар-кеңеске қатысты. Семинар-кеңесте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары, сыбайлас жемқорлық мониторингін жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мәселелері түсіндірілді.

Департамент қызметкерлері ауылдық кітапханада болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарымен танысты.

Шара барысында әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yubileynyy-auylynda-y-seminar-ke-es-702504](https://yvision.kz/kk/post/yubileynyy-auylynda-y-seminar-ke-es-702504)