---
title: "Ю.Н.Гупалоға қатысты әкімшілік іс бойынша баспасөз хабарламасы"
description: "Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-тің 653-бабының 1-бөлігі бойынша, яғ..."
author: "sko_sud"
published: "2015-03-11T01:02:52+00:00"
modified: "2015-03-11T01:02:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yu-n-gupalo-a-atysty-kimshilik-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481107"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yu-n-gupalo-a-atysty-kimshilik-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481107/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ю.Н.Гупалоға қатысты әкімшілік іс бойынша баспасөз хабарламасы

> Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-тің 653-бабының 1-бөлігі бойынша, яғ...

![Ю.Н.Гупалоға қатысты әкімшілік іс бойынша баспасөз хабарламасы](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/qZ3fLdDdKHSMTvi39k6DJioUXigi3g.jpg)

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-тің 653-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни сотты құрметтемеушілік үшін Ю.Н. Гупалоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында анықталғанындай, 2015 жылғы 20 ақпанда Петропавл қалалық сотының ғимаратында судья А.Б.Жұмағазин Р.А.Усмановқа қатысты үкімді жариялағаннан кейін Ю.Н. Гупало «Все купленные здесь….Жумагазин говорили судья адекватный, тоже купленный… Жумагазин купленный человек, это сверху все идет, все идет сверху…» деген. Мұның өзін сотты құрметтемеушілік деп түсінуге болады. Ю.Н.Гупало қасақана сотты құрметтемеушілік білдірді.

Осы факті бойынша Петропавл қалалық сотының сот приставы Ю.Н.Гупалоға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 653-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.

Әкімшілік істі қарау кезінде Ю.Н.Гупало өз кінәсін толықтай мойындап, құқық бұзушылық жасағаны үшін өкінді. Өз қылығын көңіл-күйі бұзылды деп түсіндірді.

Сонымен бірге Ю.Н.Гупалоның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі іс материалдарымен, атап айтқанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, ғаламторда, ИА Тенгриньюс сайтында орналастырылған бейне сюжетпен және куәлардың түсіндірулерімен дәлелденеді.

Әкімшілік жаза шарасын тағайындау кезінде Ю.Н.Гупало өз кінәсін толықтай мойындағанын, өкінгенін, асырауында кішкентай балалары барын сот ескерді.

Азаматша Ю.Н.Гупало ҚР ӘҚБтК-тің 653-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік бюджет кірісіне 20 (жиырма) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 39640 (отыз тоғыз мың алты жүз қырық) теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yu-n-gupalo-a-atysty-kimshilik-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481107](https://yvision.kz/kk/post/yu-n-gupalo-a-atysty-kimshilik-is-boyynsha-baspas-z-habarlamasy-481107)