---
title: "Қытай қазақ студенттері оюланған кітап қыстырғыш жасады"
description: "ҚЫТАЙ. 27 қазан. BAQ.KZ – Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан «Қытай қазақ студентте..."
author: "Maigul"
published: "2013-11-18T06:28:43+00:00"
modified: "2013-11-18T06:30:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-studentteri-oyulan-an-kitap-ystyr-ysh-zhasady-385490"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-studentteri-oyulan-an-kitap-ystyr-ysh-zhasady-385490/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қытай қазақ студенттері оюланған кітап қыстырғыш жасады

> ҚЫТАЙ. 27 қазан. BAQ.KZ – Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан «Қытай қазақ студентте...

**ҚЫТАЙ. 27 қазан. BAQ.KZ – Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан [«Қытай қазақ студенттері бірлестігі»](http://www.baq.kz/diaspora/72) жұмыс жасап келе жатқанын бұдан бұрын хабарлаған едік. Олардың жоспарында қазақы өнім жобалап шығуда бар екенін айтқан болатынбыз. Бірлестіктің алғашқы өнімі жақында жұртқа ұсынылды.**

**

![Қытай қазақ студенттері оюланған кітап қыстырғыш жасады](https://storage.yvision.kz/images/user/maigul/0yRVE4x4JyN9naxgaTX4i3wXnYRC6Y.jpg)

![Қытай қазақ студенттері оюланған кітап қыстырғыш жасады](https://storage.yvision.kz/images/user/maigul/v1ZRs4MMjkPD92gn8tGmg4ZFVvZUfZ.jpg)

![Қытай қазақ студенттері оюланған кітап қыстырғыш жасады](https://storage.yvision.kz/images/user/maigul/TNKcC4CFxHzsNIPuD79UL71hk1M26m.jpg)

**

Қытай қазақ студенттері бірлестігінің шығарған алғашқы өнімі қазақы үлгідегі кітап қыстырғыш екен. Кітап оқығанда жалғастырып оқитын бетті бүктемеу үшін арнайы ықшамдалып жасалған қыстырғышқа қызығушылардың саны артуда. Бірлестік басшылары ою-өрнекпен әдіптелген кітап қыстырғышты жобалауда және оны базарға салуда «Сахара» сайтының да үлесінің зор болғандығын айтып қуанып отыр.

 

Майгүл СҰЛТАН

[BAQ.KZ](http://baq.kz/kk/diaspora/131)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-studentteri-oyulan-an-kitap-ystyr-ysh-zhasady-385490](https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-studentteri-oyulan-an-kitap-ystyr-ysh-zhasady-385490)