---
title: "Қытай Қазақстанға қызықпай ма?"
description: "Қытай тарапы Қазақстанмен мәдени ықпалдастықты кеңейту үшін біздің желөкепе жыртақайларды тарта бастағанға ұқсайды.Кеше телеарналардың бірінен көрдім, екі жыртақай тап өздеріндей жыртақайға сұхбат беріп отыр. Сондағы айтқан сөздері мынадай: - Қытай..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-12T11:56:26+00:00"
modified: "2024-06-12T11:56:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-stan-a-yzy-pay-ma-1005586"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-stan-a-yzy-pay-ma-1005586/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қытай Қазақстанға қызықпай ма?

> Қытай тарапы Қазақстанмен мәдени ықпалдастықты кеңейту үшін біздің желөкепе жыртақайларды тарта бастағанға ұқсайды.Кеше телеарналардың бірінен көрдім, екі жыртақай тап өздеріндей жыртақайға сұхбат беріп отыр. Сондағы айтқан сөздері мынадай: - Қытай...

Қытай тарапы Қазақстанмен мәдени ықпалдастықты кеңейту үшін біздің желөкепе жыртақайларды тарта бастағанға ұқсайды.Кеше телеарналардың бірінен көрдім, екі жыртақай тап өздеріндей жыртақайға сұхбат беріп отыр. Сондағы айтқан сөздері мынадай:

- Қытай қазақтың табиғатына қызықпайды.

- Өздерінің жері керемет!

- Вавше керемет! Неше түрлі жер бар екен қытайда.

- Қытай бізді керек етіп те отырған жоқ.

- Вавше танымайды бізді.

- Хи-хи!- Ха-ха!

Қытайдың қара бұқарасы бізді, рас, білмеуі мүмкін. Мысалы АҚШ-та да Канададан басқа мемлекетті білмейтіндердің қарасы қалың. Ханзулар да сондай шығар. Бірақ қытайдың қилы дүниені ойлайтын бастары қазақ жерін, қазақ даласын, Қазақстанның әл-ауқатын бек жақсы біледі. Оны біздің жыртақайлар қайдан түсінсін? Осыларды, өз тілдерімен айтқанда, вавше Қытайға жібермеу керек!

Көрші отырған соң, жеріңді көтеріп алып кете алмайсың, сондықтан ҚХР-мен қалайда араласуға тура келеді. Алайда жыртақайлардың деңгейінде емес, қазақтың асқақ, парасатты мәдениетінің деңгейінде қарым-қатынас жасаған жөн-ау...

[Дәурен Қуат](https://www.facebook.com/dauren.kuat)**тың жазбасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-stan-a-yzy-pay-ma-1005586](https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-stan-a-yzy-pay-ma-1005586)