---
title: "Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық тікелей инвестиция құйды"
description: "2005-2015 жылдары Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық инвестиция құйған, деді Қазақстан-Қытай іс..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-23T09:47:42+00:00"
modified: "2016-09-30T05:38:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-stan-a-13-mlrd-dollar-a-zhuy-tikeley-investiciya-ydy-713252"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-stan-a-13-mlrd-dollar-a-zhuy-tikeley-investiciya-ydy-713252/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық тікелей инвестиция құйды

> 2005-2015 жылдары Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық инвестиция құйған, деді Қазақстан-Қытай іс...

2005-2015 жылдары Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық инвестиция құйған, деді Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің бизнес форумы барысында «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғоразов.

![Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық тікелей инвестиция құйды](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/8ExuLQfs4cdxjuJv3caS3jTBWc4cwT.jpg)

«Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 2 мыңға жуық компания жұмыс iстейдi. 2005-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына Қытай инвестицияларының жалпы ағымы 13 млрд-тан астам АҚШ долларын құрады және осы көрсеткiште үздiк 5 инвестор қатарына кiредi», - деді Б.Жанғоразов.

Оның айтуынша, өзара сауда жасауға қызығушылық артып келеді.

«Өзара сауданы жүзеге асырудың мүмкіндіктері өте көп, Қазақстан мен Қытай экономикасы сәйкес бола алады. Қазақстан Қытайға азық-түлік жіберуді жүзеге асырады, себебі Қытайда аталмыш тауарларды климаттық жағдайға байланысты өсіру қиын. Біз Қытайға шикізат жеткізе аламыз», - деді Б.Жанғоразов.

Сондай-ақ, компания жетекшісі бағдарламаның индустриялды-инвестициялық ынтымақтастығын атап өтті.

«Қазір оның құрамына 26 млрд доллардың 51 жобасы еніп отыр. Бұл бағдарлама бойынша 2 өндіріс іске қосылды. Бұл Павлодардағы полипропилен өндірісі зауыты мен Қостанайда автомобиль жинайдын кәсіпорын. Биыл тағы 4 жобаның құрылысы басталады. Астанада көлік жүйесін салу, өсімдік майы мен шағын автомобильді құрастыру кәсіпорыны. Келесі жылы тағы 3 ірі жобаның құрылысы басталады», - деді ол.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-stan-a-13-mlrd-dollar-a-zhuy-tikeley-investiciya-ydy-713252](https://yvision.kz/kk/post/ytay-aza-stan-a-13-mlrd-dollar-a-zhuy-tikeley-investiciya-ydy-713252)