---
title: "Қыстың соңғы айында"
description: "Қыстың соңғы айында Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастарға спорттық қысқы ойындарын ұйымдасты..."
author: "CRMI"
published: "2016-02-05T06:05:07+00:00"
modified: "2016-02-05T06:05:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ysty-so-y-ayynda-676928"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ysty-so-y-ayynda-676928/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қыстың соңғы айында

> Қыстың соңғы айында Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастарға спорттық қысқы ойындарын ұйымдасты...

Қыстың соңғы айында Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастарға спорттық қысқы ойындарын ұйымдастырды. Қалалық саябақта «Жас ұрпақ» жастар үйінің балалары, мектеп оқушылары, студенттер бас қосты.

![Қыстың соңғы айында](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/t79ss81roUA6e6y3DkjL8HaYh0FPyK.jpg)

Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі болғандықтан, салауатты өмір салтын ұстану басты мақсат. Мұз айдынына 15 ке жуық қатысушылар шығып, түрлі жарыстарға қатысып, көңіл көтерді.Жастар бастамаларын дамыту орталығында жыл сайын өткізітелін бұл іс-шара осы жылы да өз деңгейінде ұйымдастырылды. Қала жастары ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, көтеріңкі көңіл- күймен тарасты.

![Қыстың соңғы айында](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/BF2l6SwLX8xw27ss15ja9nMx4nyQHC.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ysty-so-y-ayynda-676928](https://yvision.kz/kk/post/ysty-so-y-ayynda-676928)