---
title: "Қыс қаңғыбастарды аямайды (ФОТО)"
description: "Қыс мезгілінің басталуына байланысты Петропавл қаласы ІІБ қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ азама..."
author: "dvd_sko"
published: "2013-12-04T04:12:12+00:00"
modified: "2013-12-06T04:07:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ys-a-ybastardy-ayamaydy-foto-388017"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ys-a-ybastardy-ayamaydy-foto-388017/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қыс қаңғыбастарды аямайды (ФОТО)

> Қыс мезгілінің басталуына байланысты Петропавл қаласы ІІБ қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ азама...

![Қыс қаңғыбастарды аямайды (ФОТО)](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/8Gui2m5FDn8DI8lUGggQxYY9O547Ny.jpg)

**Қыс мезгілінің басталуына байланысты Петропавл қаласы ІІБ қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды анықтау бойынша жұмыстарын жандандырды.**

Әдетте, қаңғыбастар жаздың ыстығында қала шетіндегі саяжайларды паналаса, қыс келе қалаға жол тартады. Бұл азаматтардың шоғырланатын жерлері - құдықтар, жылу трассалары полицейлерге жақсы таныс. Қалалық ІІБ қабылдау-тарату қызметкерлері, осы үй-күйі жоқ жандарды анықтау жөнінде рейдтерді күнде өткізеді. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар туралы мәліметтер базасын жаңарту және толықтыру болып табылады.

Петропавл қ. ІІБ қабылдау-тарату бөлімі бастығының м.а., полиция майоры Руслан Әлібаевтың айтуы бойынша, Петропавл қаласы ІІБ ҚТБ-нің негізгі міндеті тұрғылықты мекенжайы және құжаттары жоқ азаматтарды анықтап, оларды жеке тұлғасын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастыру және олардың қылмыс жасауға қатыстылығын тексеріп, медициналық қызмет көрсету және тиісті органдарға тапсыру болып табылады.

![Қыс қаңғыбастарды аямайды (ФОТО)](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/LlOMJxlwWs2u21yVrKLpwDJuh83ilC.jpg)

Кезбе өмірге қаншалықты дағдыланғандыққа қарамастан, қаңғыбастар қыстың қаһарына төзе алмайтындықтарын жасырмайды. Осы орайда қабылдау-тарату бөлімінің алатын орны ерекше дейді кейбірі. Қанша дегенмен жылу құбырларында отырып, қақаған аяздарға төтеп беру – ащы су ішкен, екінің-бірінің қолынан келе бермейді.

![Қыс қаңғыбастарды аямайды (ФОТО)](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/T04P226QrO9DEv1OrmYdYkLsfsx4wh.jpg)

Ағымдағы жылдың 11 айында облыстық тәртіп сақшыларымен қабылдау-тарату бөліміне 9502 адам жеткізілді, олардың 326-сы сот санкциясымен қабылдағышқа орналастырылды. Бір қызығы, аталған азаматтардың кейбіреуі жедел құндылығы бар ақпаратқа ие. Мысалға, солардың көмегімен жыл басынан бері ІІБ қабылдау-тарату бөлімінің қызметкерлері 113 қылмыстың бетін ашты, іздеудегі 12, олардың ішінде 6 қылмыскер және 6 іс-түссіз жоғалған тұлға белгілі болды. Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар полицейлердің тұрақты бақылауында, ал қыс маусымының басталуымен аталған жұмыстар одан әрі жиілейтіні сөзсіз.

**Жан Айтмағанбетов,**

**СҚО ІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ys-a-ybastardy-ayamaydy-foto-388017](https://yvision.kz/kk/post/ys-a-ybastardy-ayamaydy-foto-388017)