---
title: "Қымыздың емдік қасиеттері туралы не білесіз?"
description: "Қымыз - шипалы сусын. Дертке шипа, бойға күш-қуат береді. 1 литр қымызда кальций - 48 пайыз, магний..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-09T14:25:04+00:00"
modified: "2015-12-09T14:25:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ymyzdy-emdik-asietteri-turaly-ne-bilesiz-666711"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ymyzdy-emdik-asietteri-turaly-ne-bilesiz-666711/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қымыздың емдік қасиеттері туралы не білесіз?

> Қымыз - шипалы сусын. Дертке шипа, бойға күш-қуат береді. 1 литр қымызда кальций - 48 пайыз, магний...

Қымыз - шипалы сусын. Дертке шипа, бойға күш-қуат береді.

![Қымыздың емдік қасиеттері туралы не білесіз?](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/7Tqt0VxQYRQDhWJW7eReqm5uuDUTfU.png)

1 литр қымызда кальций - 48 пайыз, магний - 3,4 пайыз, фосфор - 21,3 пайыз, хлор 7,5 пайыз болса, мыс 1,60 миллиграмм мөлшерінде кездеседі.

Қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан, кейін 250 грамға дейін ішіп, ағза үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейткен дұрыс.

Осы тәртіппен қымыз ішкен адам әлсіреу, жүдеу, қаназдық, туберкулез сияқты дерттерге шипа табады. Сондай-ақ, бұл сусынды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішкеніңіз абзал.

Қымыздың қасиетін таныстыру мақсатында жуырда елордада дәстүрлі «Қымыз-2015» Халықаралық фестивалі өтті.

Толығырақ [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ymyzdy-emdik-asietteri-turaly-ne-bilesiz-666711](https://yvision.kz/kk/post/ymyzdy-emdik-asietteri-turaly-ne-bilesiz-666711)