---
title: "Ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді"
description: "2018 жылың 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-10-01T04:32:17+00:00"
modified: "2018-10-01T04:32:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ylymi-t-zhiribelik-konferenciya-tkizildi-815731"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ylymi-t-zhiribelik-konferenciya-tkizildi-815731/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

> 2018 жылың 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...

2018 жылың 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған Кешенді жоспары аясында «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар: ұлттық заңнаманың ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Габдушев, «Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалының директоры Т.Нұркешов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, мемлекеттік органдар, қалалық колледжер, облыстық және қалалық мектептер мен бөбекжайлар директорлары және ЖОО мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар туралы», «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу», «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Заманауи жағдайларда білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру» және «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Шара барысында қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ylymi-t-zhiribelik-konferenciya-tkizildi-815731](https://yvision.kz/kk/post/ylymi-t-zhiribelik-konferenciya-tkizildi-815731)