---
title: "Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ұжымымен кездесу өтті"
description: "2020 жылдың 13 наурыз күні Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «РУ 170/2 мекемесінің» ұжымында сыбай..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-03-13T14:56:34+00:00"
modified: "2020-03-13T14:56:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ylmysty-at-aru-zh-yesi-komitetini-zhymymen-kezdesu-tti-851820"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ylmysty-at-aru-zh-yesi-komitetini-zhymymen-kezdesu-tti-851820/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ұжымымен кездесу өтті

> 2020 жылдың 13 наурыз күні Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «РУ 170/2 мекемесінің» ұжымында сыбай...

2020 жылдың 13 наурыз күні Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «РУ 170/2 мекемесінің» ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша кездесу өткізілді.

Шараға Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин және «Nur Otan» партиясының БҚОФ инспекторы А.Б.Сағатов қызметкерлері қатысты.

Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ylmysty-at-aru-zh-yesi-komitetini-zhymymen-kezdesu-tti-851820](https://yvision.kz/kk/post/ylmysty-at-aru-zh-yesi-komitetini-zhymymen-kezdesu-tti-851820)