---
title: "Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы"
description: "2015 жылдың 22 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдары..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-04-22T08:55:44+00:00"
modified: "2015-04-22T08:55:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ylestiru-ke-esini-kezekti-otyrysy-493474"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ylestiru-ke-esini-kezekti-otyrysy-493474/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы

> 2015 жылдың 22 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдары...

![Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/gTZ8o4RirtfREsa356G627SzCW75GL.jpg)

2015 жылдың 22 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдары заң қызметтерінің Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болып, «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясының» негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы болды.

Аталған отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АгентігіБатыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы - Үйлестіру Кеңесінің мүшесі А.С.Жұбаныш қатысып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, отырыс барысында Әділет департаментінің Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.Б.Хамбетов, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.А.Уразованың жәнеБатыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының төрағасы Е.Н.Қалиевтің баяндамалары тыңдалды.

![Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/bU43zA2aVl4u1DOTb66EOw1xc4bw5q.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ylestiru-ke-esini-kezekti-otyrysy-493474](https://yvision.kz/kk/post/ylestiru-ke-esini-kezekti-otyrysy-493474)