---
title: "Үйлену — оңай. Үй болу — қиын."
description: "Кеше қонаққа інім келіп, біраз бізді қуантып кетті. Інім жақында отау көтерген еді,сол отағасы болу ..."
author: "batyr24"
published: "2016-11-22T12:27:00+00:00"
modified: "2016-11-22T12:29:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ylenu-o-ay-y-bolu-iyn-727977"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ylenu-o-ay-y-bolu-iyn-727977/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үйлену — оңай. Үй болу — қиын.

> Кеше қонаққа інім келіп, біраз бізді қуантып кетті. Інім жақында отау көтерген еді,сол отағасы болу ...

Кеше қонаққа інім келіп, біраз бізді қуантып кетті. Інім жақында отау көтерген еді,сол отағасы болу қалай екенін сұрадық. Жауабы: " Бұрын ештенені ойламайтын едім, өз басымды ғана ойлайтынмын. Қазір бәрі басқаша. Бос қыдыру, жүруді қойдым. Өзімді және жарымды қамтасамасыз ету үшін тірлік жасап жүрмін " - деп, ата-анамды біраз қуантты. Сосын інім:

-"Ағасы, сіз қашан үйленесіз?!"

-"Жаспын ғой, әлі ерте" - деп құтылып кеттім.

Бүгін кешке анамның Instagram желісінен оқыған өлең жолдарын жазайын.

# Тыңда! Тыңда, ғашықтарым, Жар таңдауға - асықпағын! Қателесіп қалып, ертең... ..Көздеріңнен, Жас сықпағын!

Сөзін емес - ісін қара, Сыртын емес - ішін қара! ..Рухани бай - саф алтынд-а-ай, Біл қарындас, Түсін, бала!

Жан іздеме, Көңілдікке, Жар іздегін, Өмірлікке, Құмарлыққа - бойды берме! Қажетті жоқ, оның тіптен... Ажырассаң қайғы, күнә, Қызықпа сен, байлығына. .. Иманда да, мейірімді, Ең керемет, жайлы, сірә... Жүрегіңде - паналайтын, Сүйіп сені, бағалайтын, Жарды ізде, сенен басқа, Жанға - Мүл-дем!!! Қарамайтын. *** Жалған сезім - жарық қылмас, Пәк махаббат - жалықтырмас. (..Шын ғашықтар бірін-бірі, Жұмақта да, тауыпты - рас!

# Авторы - Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Балам, үйленемін деп асықпа. Болашақ жарыңды жақсылап таңда деп ақыл-кенесің айтты. Ата-аналарымыз аман болсын!!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ylenu-o-ay-y-bolu-iyn-727977](https://yvision.kz/kk/post/ylenu-o-ay-y-bolu-iyn-727977)