---
title: "\"Қылқындырған да болуы мүмкін\". Сарапшы жарақаттарды..."
description: "Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алдына айғақ беру үшін сот-медициналық сарапшы шықты. Ол өзімен бірге манекенді ала келіпті. Салтанат Нүкенованың басына тиген соққыларды соған сызып көрсетті. \"Ақыл-есі дұрыс адам өз-өзінен мұндай жарақат..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-09T07:29:28+00:00"
modified: "2024-04-09T07:37:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yl-yndyr-an-da-boluy-m-mkin-sarapshy-zhara-attardy-menekenge-syzyp-k-rsetti-1003167"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yl-yndyr-an-da-boluy-m-mkin-sarapshy-zhara-attardy-menekenge-syzyp-k-rsetti-1003167/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Қылқындырған да болуы мүмкін". Сарапшы жарақаттарды...

> Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алдына айғақ беру үшін сот-медициналық сарапшы шықты. Ол өзімен бірге манекенді ала келіпті. Салтанат Нүкенованың басына тиген соққыларды соған сызып көрсетті. "Ақыл-есі дұрыс адам өз-өзінен мұндай жарақат...

*Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алдына айғақ беру үшін сот-медициналық сарапшы шықты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/4536183fdbc5efe6ea40bcf7973e32.jpg)

Ол өзімен бірге манекенді ала келіпті. Салтанат Нүкенованың басына тиген соққыларды соған сызып көрсетті.

"Ақыл-есі дұрыс адам өз-өзінен мұндай жарақат алмайды. Ол өзі құлап кетсе де, түйсік бойынша басын қорғап қалады... Тіпті мас адам да құлағанда мұншалықты сұмдық жарақат алмайды", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ оның айтуынша, Салтанаттың басына 12-13 соққы беруден бөлек оны қылқындырған да болуы мүмкін. Өйткені мойнында соның ізі бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yl-yndyr-an-da-boluy-m-mkin-sarapshy-zhara-attardy-menekenge-syzyp-k-rsetti-1003167](https://yvision.kz/kk/post/yl-yndyr-an-da-boluy-m-mkin-sarapshy-zhara-attardy-menekenge-syzyp-k-rsetti-1003167)