---
title: "Әйгілі фулболшы Паписс Сиссе өсімқор демеушінің жейдесін киюден бас тартты"
description: "АСТАНА. 15 шiлде 2013, 20:23. BNews.kz Премьер-лиганың шабуылшысы мұсылман Паписс Сиссе діни әрі э..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-15T22:41:27+00:00"
modified: "2013-07-15T22:41:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ygili-fulbolshy-papiss-sisse-sim-or-demeushini-zheydesin-kiyuden-bas-tartty-363434"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ygili-fulbolshy-papiss-sisse-sim-or-demeushini-zheydesin-kiyuden-bas-tartty-363434/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әйгілі фулболшы Паписс Сиссе өсімқор демеушінің жейдесін киюден бас тартты

> АСТАНА. 15 шiлде 2013, 20:23. BNews.kz Премьер-лиганың шабуылшысы мұсылман Паписс Сиссе діни әрі э...

#

![Әйгілі фулболшы Паписс Сиссе өсімқор демеушінің жейдесін киюден бас тартты](http://bnews.kz/picture/380/news/54575584856645f2b7cde45411e0eb3b.jpg)

[АСТАНА](http://bnews.kz/kk/news/region/55/). 15 шiлде 2013, 20:23. BNews.kz

Премьер-лиганың шабуылшысы мұсылман Паписс Сиссе діни әрі этникалық себептерге байланысты футбол клубының жаңа демеушісі болып табылатын несие беретін компания логотипі бейнеленген Ньюкасл Юнайтед жейдесін киюден бас тартқаны үшін жаттығу залында жалғыз өзі жаттығуға мәжбүр болды. Бұл жайында Оnislam хабар таратты.

Футболкаға қатысты аталмыш дау-дамай осыдан бірнеше ай бұрын басталған болатын. Бәленің бәрі өткен жылдың қазан айында Ньюкасл Юнайтедтің Wonga несие компаниясымен 24 млн фунтқа төрт жыл мерзімге келісімшартқа отырғанынан басталған еді.

Өсімқорлыққа ислам дініде тыйым салынғандықтан мұсылман ойыншылардың жылына несиесі бойынша 4,214 пайыз өндіріп алатын компанияның жейдесін киіп, харам нәрсені жарнамалаудан бас тартқанын айта кету керек.

Аталмыш клубтың құрамында Демба Ба, Паписс Сиссе, Шейк Тиоте және Атем Бен-Арфа есімді төрт мұсылман ойыншысы бар.

Мұндай жағдай мұсылман ойыншысы Фредерик Канутенің де басында болғанын айта кету керек. Ол да құмар ойындарды жарнамалайтын 888.com сайтының логотипі бейнеленген жейдені киіп жүруден бас тартқан еді.

Ньюкаслға қарағанда Болтон клубы жанкүйерлердің наразылығын ескеріп, QuickQuid несие компаниясының демеушілігінен бас тарта білді.

4500-ға жуық адам осынау келісімшартқа қарсы шықты. Қазіргі уақытта Болтон клубына FibrLec энергетикалық компаниясы демеушілік жасайды.

[muslim.kz](http://muslim.kz/kk)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ygili-fulbolshy-papiss-sisse-sim-or-demeushini-zheydesin-kiyuden-bas-tartty-363434](https://yvision.kz/kk/post/ygili-fulbolshy-papiss-sisse-sim-or-demeushini-zheydesin-kiyuden-bas-tartty-363434)