---
title: "Әйелге шалынан артық бақыт жоқ..."
description: "Ауылда жүргенде осы әңгімені дастархан басында жиі еститін едім. Қаланың қым-қуыт тіршілігінен мұнда..."
author: "erganataldanov"
published: "2016-08-03T23:41:50+00:00"
modified: "2016-08-03T23:41:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yelge-shalynan-arty-ba-yt-zho-705324"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yelge-shalynan-arty-ba-yt-zho-705324/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әйелге шалынан артық бақыт жоқ...

> Ауылда жүргенде осы әңгімені дастархан басында жиі еститін едім. Қаланың қым-қуыт тіршілігінен мұнда...

Ауылда жүргенде осы әңгімені дастархан басында жиі еститін едім. Қаланың қым-қуыт тіршілігінен мұндай «моральдық» әңгімелер әдірем қалды. Адамның психологиялық тұрғыдан ауыруы, сол себептен. Оған материалдық тауар еш көмектеспейді. Осыны барлық жерде айтқым келеді? Біреулер сөз арасында да айтып өтеді. Бірақ, құлаққа жеткенімен, жүрекке жетпей жатады.

Былтыр болу керек, қателеспесем. Бір бейбақ хабарласты, «Әйел бақытына». Енді күйеуін, жер қылды, жер. Айтпаған сөзі жоқ. Егер даусынан ағайындары біліп қойса, бетіне түкіретін еді...Ол ол ма, жасаған жақсылығына қалай қиянат жасап жүргенін жайып салды. Масқара енді. Сондағы айыбы, жолдасының аузы құрғамайды екен. Екі күннің бірінде, сайтын суды ұрттайтын көрінеді. Ал, жарайды, солай-ақ болды. Бірақ, ол үшін жер жебіне жеткізудің реті жоқ ғой. Кейде, ақылы қысқа жан иелері осыны ұмытып жатады. «Әйел бақыты» осындай тақырыпты көтеріп ғана қоймай, ер адамның қоғамдағы орны мен мәртебесіне жан-жақты тоқталғаны жөн-ау. Әйтпесе, басымдық «әйелдерде» кетіп барады. Айтайын деген, сол. Ләйлә ханым, қайдасыз? Сізге айтам...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yelge-shalynan-arty-ba-yt-zho-705324](https://yvision.kz/kk/post/yelge-shalynan-arty-ba-yt-zho-705324)